Тәліптердің билікке келуі: Ауғанстандағы жағдай қандай?

Тәліптердің билікке келуі: Ауғанстандағы жағдай қандай?

Тәліптердің билікке келуі: Ауғанстандағы жағдай қандай?
ашық дереккөзі
Былтыр АҚШ әскерлері ауған елінен шығарылды. Сол сәтте тәліптер билікті басып алып, барлық мемлекет аума­ғын­дағы елді мекендер мен қалаларды өз бақылауына алды. Тәліптердің күтпеген жерден басып кірген уақытында Батыс әскерлерімен бірге ондаған мың ауғандық елден кетіп қалды. Одан кейін 1 жыл өтті. Ауғанстанда қалғандардың өмірі қалай өзгерді? Еске салсақ, 15 тамызда тәліптер ел астанасы Кабул қаласын басып алғанда, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани билікті тастап, шетел асып кеткен еді. Артынша тәліптер Кабулдағы президент сарайынан мәлімдеме жасап, Ауғанстанда үстемдік орнатқанын хабарлады. Бір жыл бұрын елден ұшып кетуге тырысып жатқан адамға толы Кабул әуежайы қазір тып-тыныш. Келушілерді қара пәрәнжі киген әйелдер қарсы алып, паспортқа мөр басып тұрады. Адамдардың суреттері бар билбордтар боялып, барлық жерге Талибанның ақ жалаулары ілінген. («Талибан» қозғалысы Қазақстанда және бірнеше мемлекетте террористік деп танылған ұйым – ред.) [caption id="attachment_192470" align="alignnone" width="1200"]талибан фото: currenttime.tv  16.08.2021[/caption] 1996 жылдан 2001 жылға дейін Ауғанстанның көп бөлігін тәліптер басқарды. Елде қатаң түрдегі заңдар қабылданды: ұрлық үшін олар қолдарын немесе аяқтарын кесу арқылы жазаланды. Қыздарға мектепте оқуға, ал әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салынды. Сондай-ақ оларға еркін түрде киініп (мысалы, джинсы) жүруге рұқсат етілмеді. Бұл жолы билікке келген «Талибан» «ислам құндылықтарын» сақтауға уәде беріп, бірқатар мәселеге жұмсақ түрде көзқарас танытты. Олар өз уәдесінде тұрды ма? Қазір Ауғанстан үшін ең үлкен проблема – аштық. Талибан билікке келгенге дейін мемлекеттік шығындардың шамамен 75 пайызын шетелдік гранттар мен гуманитарлық көмектер жауып отырды. Қазір бұл бағдарламалардың көпшілігі жабылып, Ауғанстанның Орталық банкінің резервтері АҚШ-та қалды. Бұл Ауған экономикасы мен банк жүйесінің толықтай құлдырауына алып келді. Тәліптер билікке келгеннен кейін Ауғанстанның экономикасы шамамен 30-40%-ға төмендеді. Елде еңбек нарығы да тез құлдырады. [caption id="attachment_192472" align="alignnone" width="1202"]Ауғанстан экономика фото: hisour.com[/caption] Тәліптер банкте бұғатталған қаражатты қайтаруды талап етуде. Ал Вашингтонда оған санкцияланған Талибан басшылары Орталық банктің басшылық қызметінен кетсе ғана келіседі. Тараптар келіссөздер жүргізіп жатқан кезде Ауғанстанда жұмыссыздық белең алуда және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да өсіп жатыр. БҰҰ мәліметінше, шамамен 25 миллион ауғандық, яғни ел халқының жартысынан көбі қазір кедейлікте өмір сүріп жатыр. Тойып тамақтанбаудың кесірінен ай сайын ауруханаларға он мыңдаған ауғандық бала келіп түседі. Ал елдің шалғай аудандарында балалар жай ғана аштықтан өліп жатыр. Кейбір ауған отбасылары жаңа туған нәрестелерін басқа балаларын асырау үшін сатып жібереді екен. [caption id="attachment_192471" align="alignnone" width="1201"]ауғанстан фото: news.un.org[/caption] Былтыр тәліптер «ауған нормалары мен ислам құндылықтарына сәйкес» әйелдердің құқықтарын құрметтеуге уәде берді. Дегенмен әйелдер үшін шектеулер қайта енгізілді және олардың саны күн сайын артып келеді. Қазір әйелдерге қоғамдық орындарға баруға немесе күйеуімен қаладан тыс жерлерге шығуға тыйым салынады. Биыл мамыр айынан бастап әйелдерге хиджаб киюге және көпшілік алдында бет-әлпетін жабуға бұйрық берілді. Бұл талапты орындамаса, олардың әкесін немесе жақын туысын тұтқындап немесе түрмеге жабуы мүмкін. [caption id="attachment_192467" align="alignnone" width="1202"] width= фото: bbc.com[/caption] Сондай-ақ тәліптер қыздарға білімін жалғастыруға да рұқсат беруге уәде берді. Алайда олар өз сөздерінде тұрмады. Қазір қыздарға тек бастауыш мектепке баруға рұқсат етіледі (3-4 жылдық оқу). Мектеп бағдарламасы да өзгерді, енді қыздар исламды зерттеуге көп көңіл бөлуі қажет. Ресми түрде әйелдерге бастауыш мектеп мұғалімдері болып жұмыс істеуге рұқсат етілген. Олардың көпшілігіне экономикадағы проблемаларды сілтеп, жалақы төлеуді тоқтатқан.