27 Желтоқсан 2016, 15:44 2030 0 Мультимедиа Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Астана әкімдігі жариялаған ерекше байқау

Келе жатқан жаңа жыл біреулер үшін шынымен де ертегіге айналады. Мереке қарсаңында Астана әкімдігі ең үздік жаңажылдық бейнеқұттықтауға байқау жариялады, деп хабарлады astana.gov.kz.

Байқау Аяз Атаның атынан Инстаграмдағы (ayazata_official) ресми парақшада жүргізіледі. Жарысқа ниет білдірген әр адам қатыса алады. Ол үшін елорда тұрғындарына арналған өз құттықтауын жүктеу қажет, ал сипаттамада «@ayazata_official» байқауы және #сновымгодомАстана2017 хэштегін қою керек. Қатысушының парақшасы байқау аяқталғанша ашық тұруға тиіс. Бейнеқұттықтаулар 2016 жылдың 30 желтоқсаны сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ерекше идеяның авторы IPhone 7 иегері атанады. Байқау қорытындысы 31 желтоқсан күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» СОСО-ында шығарылады.

Соңғы жаңалықтар