Атырауда тұрғын үй өртеніп, 8 бала құтқарылды

Атырауда тұрғын үй өртеніп, 8 бала құтқарылды

Атырауда тұрғын үй өртеніп, 8 бала құтқарылды
ашық дереккөзі
Атырауда өрт сөндірушілер өрттен 14 адамды құтқарды. Оның ішінде 8 бала бар деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт 15 тамызда тұтанған. Бұл туралы хабар департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 13:44-те түскен.
«Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Атырау қаласының Қ.Сәтпаев көшесіндегі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Пәтердің 12 шаршы метрлік бөлмесінде үй заттары, жиһаз бен тұрмыстық техника өртенген. Құтқарушылар өртенген пәтер орналасқан кіреберістегі пәтерлерден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Пәтердегі жалын сағат 14:08-де сөндірілді. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.