10 сағаттан кейін хабарласқан: ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жалғасуда

10 сағаттан кейін хабарласқан: ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жалғасуда

10 сағаттан кейін хабарласқан: ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жалғасуда
ашық дереккөзі
ШҚО-да жоғалған баланы іздеу жалғасуда деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 2010 жылы туған Тамирлан Ахмеджанов 14 тамызда сағат 02:30 шамасында саяжай аумағында орналасқан үйден кетіп, қайтып оралмаған. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және еріктілер дереу іздестіру жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта оларға 550-ден астам адам тартылған.
«Кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен сәтте көк түсті жемпір, көк трико, жасыл түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген. Белгілері: бойы 140 см, орташа дене бітімді, шашы қысқа, қара, көздері ашық-қоңыр түсті, екі аяғында да бас бармақтың аймағында зақым бар», - делінген хабарламада.
Түнде бала анасымен бірге ұйқыға жатқан. Анасы оянғанда баласының қасында жоғын анықтады. Бала ақыл-есі кем, тұйық, сөйлемейтін бала деп сипатталады. Полиция ұқсас аурулары бар балаларды емдеуге маманданған медицина қызметкерлерімен сауалнама жүргізді.
«Ол басқалардан әдейі жасырынып, оның атын атағанда жауап бермеуі мүмкін деген болжам бар. Бала үйіне өзі оралады деп болжаған анасы полицияға уақтылы жүгінбеген. Жоғалған сәттен бастап полицияға жүгінген сәтке дейінгі уақыт аралығы 10 сағаттан асқан», - делінген хабарламада.