Бір көйлектің құны

Бір көйлектің құны

Бір көйлектің құны
ашық дереккөзі
Ертеректе атақты тігін шеберханасы болыпты. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ең шебер мамандар жұмыс істейді екен. Сәйкесінше, ешкімде жоқ, ерекше дизайнда жасалған киімдер тігіп шығарады. Бағасы да сапасына сай қымбат болады.  Бір күні осы шеберханаға бір кісі келеді. Шеберлердің тіккен көйлегін кезек-кезек қарап шығады да: – Мына көйлекке де әкеңнің құнын сұрап тұрсың ба? – дейді. – Негізі, біз қойған баға бұл көйлек үшін қымбат емес, – деп шеберхана иесі сыпайы жауап береді. – Қалай қымбат емес? Мынаған ары кетсе матасына 25 сом, жібі мен инесіне 3 сом, түймесіне 8, ілмегіне 12 сом кетер, барлығы 48 сом болды ма? Ал сендер оны бақандай 120 сомға бағалапсыңдар. – Жарайды. Сізге өзіңіз айтқан 48 сомға өнім ұсынамыз. Арғы күні келіп алып кетіңіз, – дейді. Келісілген күні бағаға көңілі толмайтын кісі келеді. Шеберхана иесі оның қолына қорап ұстатып: – Тапсырысыңыз дайын, – дейді. Қорапты ашып қараса ішінде мата, жіп, түйме жатыр екен. Ол ашуланып кетіп: – Бұл қай мазағың? Маған мата мен түйме емес, анау қызыл көйлек секілді киім керек, – дейді. – Ол көйлек 120 сом тұрады. Ал сіз 48 сомға бағалаған нәрсе осы. Киімге баға берерде сіз менің төккен терімді, жұмсаған уақытымды, еңбегімді бағаламадыңыз. Міне, мен де оны қосқан жоқпын, – деп жауап берген екен. Қорытынды: әрдайым өз еңбегіңнің бағасын біл, ешкімге желінбе.