Компания «Абу Даби Плазадан» Qazaqstan жазуы неге алынғанын түсіндірді

Компания «Абу Даби Плазадан» Qazaqstan жазуы неге алынғанын түсіндірді

Компания «Абу Даби Плазадан» Qazaqstan жазуы неге алынғанын түсіндірді
ашық дереккөзі
Елордадағы Абу Даби Плаза ғимаратынан Qazaqstan жазуы не үшін алынғаны белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. «Абу-Даби Плаза» басқарушы компаниясы Qazaqstan мұнарасы өз атауын сақтап қалатынын мәлімдеді.
«Ғимарат атауын өзгертпейді. Біз «Абу-Даби плаза» және Qazaqstan атауын ғимаратта қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында алып жатырмыз. Тігінен жазылған жазу тамыз айының соңына дейін алынады», – деп хабарлады компаниядан.
Сонымен қатар олар ғимараттарға қызмет көрсету (жуу) кезінде эстетикалық көрінісін жоғалтпайтын атауларды қолданудың балама нұсқалары қарастырылатынын жеткізді.