Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімімен Нұртаев Қайрат Талапұлы және Жасұлан Орақұлы Бисембиев Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратын болды. Қайрат Талапұлы Атырау мұнай және газ институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі. Жасұлан Орақұлы Атырау политехникалық колледжін «Бухгалтерлік есеп және аудит», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясы Астрахань мемлекеттік университетінен әлеуметтану магистрі дәрежесін алған.