Ұлыбритания Украинаға жеткізу үшін Қазақстаннан қару сатып алғаны рас па?

Ұлыбритания Украинаға жеткізу үшін Қазақстаннан қару сатып алғаны рас па?

Ұлыбритания Украинаға жеткізу үшін Қазақстаннан қару сатып алғаны рас па?
ашық дереккөзі
Қазнетте Ұлыбритания Украинаға жеткізу үшін Қазақстаннан қару сатып алуда деген ақпарат тарады деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Ақпаратта тараптар арасындағы мәміле «Техноэкспорт» компаниясының делдалдығымен жүзеге асырылғаны айтылған. Сондай-ақ онда 2022 жылдың 16 шілдесінде 46 миллион долларлық келісім жасалғаны жайлы жазылған.  width= ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі - экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган. «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақ, оқ-дәрі мен әскери техниканың экспорты мен импорты Министрлік беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. 2021 жылы және 2022 жылдың өткен кезеңінде «Техноэкспорт» компаниясы қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери техника экспорттауға лицензия алу үшін министрлікке жүгінбеген. Сонымен қатар аталған кезеңде министрлік қару-жарақ, оқ-дәрі мен әскери техника, атап айтқанда, 122 мм снарядтар (Д-20 гаубицалары үшін), 152 мм снарядтар (Д-30 гаубицалары үшін), БМ-21 «Град», БТР-4 (БТР-82А немесе жеңілдетілген модификациялар) және 120 мм миномет пен «Конкурс» ТҚЗК үшін оқ-дәріні Ұлыбританияға экспорттауға лицензия берілмеген. Бұл ретте қару-жарақ пен оқ-дәрі экспорты импорттаушы елдің Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының рұқсатынсыз осы қару-жарақ пен оқ-дәріні қайта экспорттамайтындығы туралы міндетті норма көзделген кепілдік міндеттемесі (соңғы пайдаланушының сертификаты немесе Халықаралық импорт сертификаты) болған кезде ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған қару-жарақ пен оқ-дәріні реэкспорттауға Министрлік рұқсат берген жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.