Павлодарда әйел екі айлық баласымен жоғалып кетті

Павлодарда әйел екі айлық баласымен жоғалып кетті

Павлодарда әйел екі айлық баласымен жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Павлодарда 20 жастағы әйел екі айлық сәбиімен жоғалып кетті деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Еріктілердің хабарлауынша, 20 жастағы Сәния Смакова баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып, үйіне қайтып келмеген.
«Бойы - 160 см, көздері қоңыр, арықша келген. Үстінде қара жемпір мен шалбар  киген. Баласы көгілдір комбинизон мен қызыл бас киімде болған. Еріктілер оның қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат  болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды», - делінген хабарламада.