305
Трамп Обама қол қойған жарлықтардың 70 пайызын жоймақ
Трамп Обама қол қойған жарлықтардың 70 пайызын жоймақ
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп ұлықтау рәсімінен кейін Обама қол қойған жарлықтардың 70 пайызын өзгертпек. Бұл туралы АҚШ конгресінің бұрынғы спикері Ньют Гингрич Fox News телеарнасының эфирінде мәлім етті, деп хабарлайды Gazeta.ru.
«Меніңше, ол өзінің тағайындалуынан кейін алғашқы күндері Б.Обамадан мұраға қалған жарлықтардың 60 немесе 70 пайызының күшін жояды. Сондай-ақ, ол Демократиялық партияның бірнеше өкілімен байланыс орнатуға тырысады деп ойлаймын. Бұл республикашыларды таңғалдыруы мүмкін, бірақ осы әрекеттер Трампқа Ақ үй мен Сенаттағы жақтастарын көбейтуге септігін тигізеді», - деді Гингрич. Оның айтуынша, Трамп «ақылды заңгерлердің» көмегімен Обаманың қайта қарауға жатпайтын жарлықтарын да жоюы мүмкін.