Ақмола облысы Ақкөл қаласындағы алты көше мен бір шағынауданның атауы өзгеруі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Аудандық мәслихат қаулының мәтінін ашық талқыға шығарды.
«Мир көшесі – әл-Фараби, Первомай көшесі – Роза Бағланова, Привокзальная көшесі – Абай, Береговая көшесі – Жағалау, Горная көшесі – Атамекен, Абай көшесі – Аманат және Мектеп-интернат шағынауданы Сарыарқа шағынауданы болып өзгертілсін», - деп жазылған қаулыда.