Шығыс Қазақстанда кене шаққандар көбейді

Шығыс Қазақстанда кене шаққандар көбейді

Шығыс Қазақстанда кене шаққандар көбейді
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысында көктем шыққалы бері 997 баланы кене шаққан деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Жергілікті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адамды кене шақты. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 997. Бұл кенеден зардап шеккендер үлесінің 30 пайызына жуықтайды.
«Кене энцефалитіне шалдыққан 8 адам тіркелген. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Дәрігерлерге уақтылы, яғни үш күннен кешіктірмей қаралған адамдардың арасында кене инфекциясын жұқтырғандар болған жоқ», - деп жазылған ақпаратта.
Кене энцефалитін емдеу тек стационарлық жағдайда жүргізіледі. Инфекция жұқтырған өңірдің жеті тұрғыны жұқпалы аурулар ауруханалары мен бөлімшелеріне жатқызылған. Пациенттерге арнайы ем-дом тағайындалды.