Оралдағы стадионнан кәсіпкердің денесі табылды

Оралдағы стадионнан кәсіпкердің денесі табылды

Оралдағы стадионнан кәсіпкердің денесі табылды
ашық дереккөзі
Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлады  turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесінің бойында болған.
«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Қала тұрғындарының айтуынша, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.