Оралда пышақ жарақаты бар ер адамның мүрдесі табылды деп хабарлады turkystan.kz БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ПД мәліметінше, оқиға 6 тамыз күні шамамен сағат 21.30-да Исатай-Махамбет көшесінің бойында болған.
«П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған. Қазір ҚР ҚК 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті іздестіріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.Қала тұрғындарының айтуынша, марқұм бірнеше кафе, дүкені бар кәсіпкер болған.