Анасына ауыр сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды

Анасына ауыр сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды

Анасына ауыр сөз айтқаны үшін түрмеге қамалды
ашық дереккөзі
200
Павлодар облысы Железин аудандық соты отбасында жанжал шығарған ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  Іс материалына сүйенсек, ол биылғы жылы 13 желтоқсан күні түскі мезгілде өз үйінде анасы мен отбасы мүшелеріне балағат сөздер жаудырған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қолданғаннан кейін  үй ішінің шырқын бұзуды тоқтатпаған. "Анасы берген шағым, полиция инспекторының рапорты және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес оның кінәлі екені дәлелденген. Сот қаулысымен ер адам жеті күнге әкімшілік қамауға алынып, іс әрекетіне ерекше талап қойылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ",-делінген облыстық сот баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Серіктес жаңалықтары