Таулы Қарабақтағы қақтығыста бірнеше жауынгер қаза тапты

Таулы Қарабақтағы қақтығыста бірнеше жауынгер қаза тапты

Таулы Қарабақтағы қақтығыста бірнеше жауынгер қаза тапты
ашық дереккөзі

Таулы Қарабақта Әзербайжан мен армян күштері тағы қақтығысып, бірнеше жауынгер қаза тапты. Әскери қимылдар Лачин ауданында болды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап. Әзербайжан тарапының мәлімдеуінше, ұрыс танылмаған Таулы Қарабақ республикасы күштерінің Әзербайжан жасақтары бекінісін атқылауынан басталған. Шабуылдан бір сарбаз қаза тапты. Әзербайжан тарапы қарымта жауап ретінде, қарсы жақтың 2 жауынгерін мерт қылып, 14-ін жаралаған. Бірқатар жотаны бақылауына алғанын айтады. Танылмаған Таулы Қарабақ республикасы жартылай мобилизациялау жариялады. Еске сала кетейік, 2020 жылы қыркүйек айында Таулы Қарабақта жағдай қайта шиеленісіп, екі ел арасында соғыс болған еді. Әскери қимылдар қараша айында Армения, Әзербайжан және Ресейдің үш жақты келісімге қол қоюымен аяқталып, Баку, Шуша қаласы мен тағы бірнеше ауданды қайтарып алды.