Сенбі, 25 Наурыз, 2023

Азия чемпионаты: стенд атудан қазақстандықтар 11 медаль жеңіп алды

Алматыда өтіп жатқан стенд атудан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 11 медаль иеленді деп хабарлады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Олардың барлығы «трап» жаттығуынан жеңіске жетті. Жекелей сында Сәрсенкүл Рысбекова үшінші болды. Жасөспірімдер арасындағы жарыста Максим Бедарев жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Алтын медальді Анита Нұрланова жеңіп алды.

Наргиза Сарманова екінші, Анастасия Прилепина үшінші орын алды. Жасөспірімдер арасында командалық есепте біздің спортшылар чемпион атанды.

«Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Викторя Хасянов күміс медаль иеленді. Бағдарламаның бұл түрінен жасөспірімдер арасында Анастасия Прилепина мен Богдан Конченко бірінші болып, Мария Мартинкевич және Никита Моисеев дуэті «күміс» жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button