«Әділдік жеңеді»: Бақытгүл Хаменова сотта мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Әділдік жеңеді»: Бақытгүл Хаменова сотта мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Әділдік жеңеді»: Бақытгүл Хаменова сотта мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгінгі Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысына шенеуніктің жақындары мен жанашырлары қатысты. Жақындары оның сегіз ай тектен-тек қамауда отырғанын айтып ашынды деп хабарлады turkystan.kz  atr.kz-ке сілтеме жасап. Бірақ Бақытгүл Хаменованың өзі әділдік болатынын айтып жиналғандарды жігерлендіріп қойды. Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктің ісі бұл жолы да аяғына жетпеді. 3 тамызда Атырау қаласындағы №2 сотта басталған сот отырысы 20 минутқа созылып, 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған. https://www.youtube.com/watch?v=6dgfKnaR7Kk&t=17s