IQanat жазғы лагері этникалық қазақ балаларының басын қосты

IQanat жазғы лагері этникалық қазақ балаларының басын қосты

IQanat жазғы лагері этникалық қазақ балаларының басын қосты
ашық дереккөзі
IQanat жазғы лагері Франция, Түркия, Иран, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген этникалық қазақ балаларын біріктірді деп хабарлады turkystan.kz.  Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан IQanat High School of Burabay мектебінің аумағында жазғы лагерь өтіп жатыр. Лагерьдің 17-28 шілде аралығындағы үшінші маусымы ерекше болды: Қазақстан мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген 167 баланың басын қосты. 12-17 жас аралығындағы 84 бала Түркия, Ресей, Иран, Франция, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Моңғолия елдерінен келді. Олардың келуіне IQanat қорымен серіктестікте «Отандастар» ҚҚ жағдай жасады.  width= Балалар қазақ және ағылшын тілі бойынша курстардан өтеді. Бағдарламада келесі бағыттар бойынша үйірмелер қарастырылған: ағаш өңдеу, қолөнер, қыш өнері, садақ ату, бағдарламалау, қаржылық сауаттылық, домбыра үйірмесі, футбол, волейбол, хореография, актерлік шеберлік, киіз үй құрастыру үйірмесі, атқа міну.  width= 8 елден келіп, этникалық Отанына жиналған балалар қазақ тілін үйренді. Лагерь өзінің мақсатына жетті: түрлі елдің тілінде өскен балаларды біріктіру, басқа мәдениетті көру, ана тілін меңгерту, ата-бабасының тарихы және мәдениетімен тереңірек таныстыру. «Мен Францияда тұрамын және сонда оқимын. Бұл менің тарихи Отаныма алғаш келуім. Бұл өте әдемі жер. IQanat мектебінің жазғы лагері маған қатты ұнады, менің ойымша, мұндай мектептер барлық жерде болуы тиіс. Ең бастысы, біз басқа елдердің қазақтарымен де таныса алдық», – деп әсерімен бөлісті Франциядан келген Эбрар Апак.  width= «Есімім – Эмир Өзқұл. Мен Түркиядан келдім. Ата-анам қазақ. Осындай әдемі демалыс орнына келгеніме қуаныштымын. Мұндағы әр күнім керемет өтіп жатыр. Қазақ тілін жетік білмесем де, балалар, мұғалімдер және тәлімгерлер мені жақсы қабылдады. Бұл демалыс орнында күн сайын қызықты іс-шаралар өтеді. Атқа мінуге, садақ атуға үйретті, спорттық және зияткерлік жарыстарға қатыстық. Мен қазақшамды жетілдірдім. Мүмкіндік болса, міндетті түрде Қазақстанға тағы да келемін», – дейді Түркиядан келген Эмир Өзқұл.  width= Естеріңізге сала кетейік, IQanat ҚҚ еліміздегі ауыл оқушыларына арналған республикалық білім беру жобаларын жүзеге асырып келеді. Қордың барлық жұмысына 90-нан астам жанашыр қамқоршы-кәсіпкер қолдау көрсетіп келеді. IQanat қоры еліміздің басқа да кәсіпкерлерін осындай маңызды миссияға қосылуға шақыратынын атап өтті.  width=