Бүгін Теміртау маңында екі жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан екі ер адам қаза тауып, бір бала ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қайғылы оқиға бүгін күндіз Теміртау-Қызылқой тас жолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк тасығыш көлік қарсы жолаққа шығып, Газ-53 көлігімен соқтығысқан. Соңғысының жолаушысы мен жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. «1 тамыз күні сағат 12:50 шамасында Бұқар Жырау ауданында «Теміртау қ. - Қызылқой к.» автожолында алдын ала деректер бойынша SHACMAN жүк көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, 38 жастағы ер адамның басқаруындағы ГАЗ-53 жүк автомобилімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ГАЗ-53 жүргізушісі мен онымен бірге кабинада болған 21 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, аталған көліктің жас жолаушысы түрлі жарақаттармен Теміртаудағы медициналық мекемелердің біріне жатқызылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жүктелуде...