Бақытгүл Хаменованың ісі: сот процесі ашық өтеді

Бақытгүл Хаменованың ісі: сот процесі ашық өтеді

Бақытгүл Хаменованың ісі: сот процесі ашық өтеді
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот процесі қашан өтетіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық соттың баспасөз қызметі әкім орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда ашық өтетінін мәлімдеді. Сот отырысы Атырау қаласының №2 сотында сағат 9.00-де басталады. Айта кетейік, биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен болатын.