ІІМ: Қаңтар оқиғасы бойынша 4642 қылмыстық іс қозғалды

ІІМ: Қаңтар оқиғасы бойынша 4642 қылмыстық іс қозғалды

ІІМ: Қаңтар оқиғасы бойынша 4642 қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
Бұл туралы ІІМ Тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Қожаев  Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Полиция қаңтар айындағы оқиғалар бойынша барлығы 4 642 қылмыстық іс қозғады. Оның ішінде 2,5 мыңнан астамы – ұрлық, 708 қаруды ұрлау немесе сақтау фактісі, 418 бұзақылық, 199 мүлікті жою фактісі, 26 қарақшылық және тонау. Осы қылмыстық істер аясында полиция тергеушілері 15 мыңға жуық адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу әрекеті және 2,5 мың сараптама жүргізілді», - деді ол.
Мұхтар Қожаевтың айтуынша, 1 731 азамат жәбірленуші болып танылды, 343 млн теңгеден астам сомаға шығынды өтеу қамтамасыз етілді.
«Бүгінгі күні өндіріспен 969 іс аяқталды. Оның ішінде 594 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды. Сотта қарау нәтижесімен 500 адамға қатысты үкім шықты. Олардың көпшілігі бас бостандығынан шектелді. Бұл - 398 адам, ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 92 адам ғана бас бостандығынан айыруға сотталды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 289 іс бар. Оның ішінде 20-сы бойынша 27 күдікті анықталған. Олардың 6-сы күзетпен қамауда ұсталуда. Жақын арада бұл қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешім қабылдау жоспарланған», - деді спикер.