Дарын Әскербек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Дарын Әскербек еркін күрестен әлем чемпионы атанды

Дарын Әскербек еркін күрестен әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық балуан Дарын Әскербек Италияда өткен еркін күрестен әлем чемпионатының финалында америкалық қарсыласын жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады. Балуан Хусанбой Усмоновты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңіп, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцпен кездесті. Қарсыласынан басым түскен ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Қазақстан еркін күрестен соңғы алтын медальды 2013 жылы алған болатын.