Балаға 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы мерзімі ұзаруы мүмкін

Балаға 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы мерзімі ұзаруы мүмкін

Балаға 1 жасқа дейін төленетін жәрдемақы мерзімі ұзаруы мүмкін
ашық дереккөзі
Балаға 1 жасқа дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімі 1,5 жылға ұзаруы мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы, әлеуметтік міндет – ұзақмерзімді шаруа», – деді Нұрсұлу Кемел.
Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланады. Айта кетейік, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақының орташа мөлшері – 41 мың теңге.