Қаңтар оқиғасына байланысты 717 адамға сот шешімі шықты деп хабарлады turkystan.kz. Бас прокуратура «жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «ұрлық», «тонау», «қару-жарақ сақтау, қару алып жүру» және өзге баптар бойынша айыпталған 717 адам сотталғанын хабарлады.
«Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілді. 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталды», – деп жазылған хабарламада.Бас прокуратураның мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1 077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ олардың қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылды.