Джо Байден коронавирустан жазылып шықты

Джо Байден коронавирустан жазылып шықты

Джо Байден коронавирустан жазылып шықты
ашық дереккөзі
АҚШ президентінің жеке дәрігері Кевин О'Конор Джо Байденнің толық сауығып кеткенін растады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы сәрсенбі күні Ақ үй таратқан дәрігердің ресми баяндамасында айтылған. «Президент Байден бес күндік PAXLOVID курсын аяқтады. Бүгінге дейін ол бес күн бойы оқшауланған режимде жұмыс істеді», - делінген құжатта. Президенттің кеше түнде және бүгін таңертең SARS-CoV-2 вирусына тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бұл оның COVID-19-дан құлан-таза айыққанын білдіреді. Осыған байланысты президент Байден қатаң оқшаулау шараларын тоқтатады. ы Ақ үй басшысының өзі дәрігерлерге, сондай-ақ оны қолдағандардың барлығына алғысын білдірді. Твиттердегі ресми парақшасында ол тестілеу нәтижесі теріс болған суретін жариялап, жұмыс кабинетіне қайта оралатынын жазды.