ҰБТ-дан 132 балл жинаған түлек Кореядағы UNIST университетіне оқуға түсті

ҰБТ-дан 132 балл жинаған түлек Кореядағы UNIST университетіне оқуға түсті

ҰБТ-дан 132 балл жинаған түлек Кореядағы UNIST университетіне оқуға түсті
ашық дереккөзі
Атырауда ҰБТ-дан жоғары балл жинаған «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі Ризабек Алпамыс Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті деп хабарлады turkystan.kz Атырау өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  Сондай-ақ ол Оңтүстік Кореяның екі алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу және технология университеті мен Гонконгтағы ғылым және технологиялар университетінен шақырту алған. Түлек 2021 жылы Еуропалық физика олимпиадасынан күміс медаль, биыл Азия олимпиадасынан қола медальді иеленген. 2021-2022 жылдары халықаралық физика олимпиадасынан екі дүркін күміс медаль иегері атанды. Биыл О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиададан да алтын медаль иемденген.
«Мақсатым – жаңа технологияларды ойлап табуға өз үлесімді қосу. Қазақстандағы ғылым мен техника саласын дамытуға атсалыссам деген ойым бар. Бос уақытымда бағдарламалар құрастырғанды, футбол ойнағанды жақсы көрем. Бірақ уақытымның көбін ғылыммен айналысуға арнаймын», - дейді жас түлек.
Ulsan National Institute of Science and Technology оқу ордасы білім деңгейі бойынша әлемдегі ең мықты 200 университеттің қатарына кіреді. Енді бұл университетте Ризабек Алпамыспен қатар халықаралық додаларда оза шауып жүрген Нұрдаулет Хаженов, Әділ Султанов, Әділет Зауытхан есімді атыраулық түлектер де білім алады. Дүние жүзі бойынша небары 15 түлекке берілетін гранттың төртеуін атыраулықтар иеленіп отыр. атыраулық түлектер