Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Риддерде жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен ер адамның денесі орманнан табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, 23 шілдеде орманға саңырауқұлақ теруге барған зейнеткер хабар-ошарсыз кеткен. Келесі күні полицияға оның танысы хабарласқан. Жедел іздестіруге еріктілер мен қала тұрғындары көмектесті.

«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін табылды. Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», – деді ведомство өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button