Тұран мен Қабанбай батыр даңғылында Bus Lane қайта іске қосылды

Тұран мен Қабанбай батыр даңғылында Bus Lane қайта іске қосылды

Тұран мен Қабанбай батыр даңғылында Bus Lane қайта іске қосылды
ашық дереккөзі
27 шілдеде Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдары бойындағы автобус жолағының қозғалысы қайта іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Елордалық Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлім еткендей, бүгін, 27 шілде күні сағат 15.00-де М-1 көпіріндегі жол төсемінің жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінде Bus Lane қозғалысы өшірілді.