27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
Ертең еліміздің оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлады turkystan.kz. Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстік жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі. Республикада жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау, Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аптап ыстық болмақ.