Оңтүстікте қақаған аяз болады

Оңтүстікте қақаған аяз болады

Оңтүстікте қақаған аяз болады
ашық дереккөзі
256
ТЖД-нің мәліметінше, 23-24-ші желтоқсан күні Қызылорда, 24-25-ші желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы обылыстарында ауа температурасы күрт төмендеп, 20-25 градусқа дейін аяз күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.
Синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық территориясында қатты аяз болады деп болжауда.
Бұл аяз климаттық нормадан 5-15ºС төмен, алдағы үш тәулікте оңтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, біртіндеп республиканың барлық облыстарын қамтитын болады. Аязға қар жауу мен бұрқасын қосылып, бұл ауа-райын тіпті күрделі және қауіпті етуі мүмкін, сондықтан синоптиктер халықты абай болуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары