«AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика комитеті құрылды

«AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика комитеті құрылды

«AMANAT партиясы жанынан Көлік және логистика комитеті құрылды
ашық дереккөзі
«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Көлік және логистика комитетінің ұйымдастыру жөніндегі отырысы өтті. Онда комитеттің құрамы мен ережесі бекітілді. Жиында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Ақышев комитет төрағасы болып сайланды. Сала мамандарының пікірін ескере отырып, комитет құрамына темір жол тасымалдаушылары қауымдастығының, вагон операторларының, ұлттық экспедиторлардың, жолаушылар көлігінің, бизнес-қоғамдастықтың, бейінді министрліктердің өкілдері кірді. Самат Ақышев Отырыста саланың транзиттік инфрақұрылымын дамыту, шетелдік тасымалдаушыларды көлік бақылауынан өткізудің жеткіліксіздігі, 3 мыңнан астам қоғамдық көлік жүргізушісінің тапшылығы сияқты мәселелер көтерілді. Партия хатшысы  атап өткендей, Қазақстанның Орталық Азия, Ресей, Қытай және Еуропа елдерін өзара байланыстырып тұрған тиімді географиялық жағдайын ескере отырып, еліміз көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалана алады.  width= Комитет мүшелері көлік саясаты стратегиясын әзірлеу және отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, транзиттің жаңа бағыттарын пысықтау, инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Комитеттің алғашқы жұмыс отырысы тамыз айының басына жоспарланып отыр.