АҚШ-та 40 жылға сотталған қазақ қызын елге әкелмейтін болды

АҚШ-та 40 жылға сотталған қазақ қызын елге әкелмейтін болды

АҚШ-та 40 жылға сотталған қазақ қызын елге әкелмейтін болды
ашық дереккөзі
АҚШ-та адам өліміне қатысы бар деген айыппен 40 жылға сотталған Әсел Адығаппарованы Қазақстанға әкелмейтін болды деп хабарлады turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. ҚР Бас прокуратурасы Әсел Адығаппарова Қазақстанға экстрадицияланбайтынын айтты. «Азаматша Әсел Адығаппарованы 1993 жылы 9 маусымдағы шетелде қылмыстық жазасын өтеу туралы америкааралық конвенцияға немесе өзара түсіністік қағидатына сәйкес АҚШ-тан Қазақстанға ауыстыру жүзеге асырылмады, - деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен. Айта кетейік, АҚШ-тың Сан-Антонио сотының 2003 жылғы үкімімен отандасымыз Әсел Адығаппарова өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін апелляциялық сот отырысы өтіп, оған 40 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. 1998 жылы АҚШ-қа оқуға түсуге барған Әсел адам өлтіруге қатыспаған, көмектескен. Оның жігіті мен досы америкалық Роза Росадоны қонақ үйде азаптап өлтіріп, денесін көмген екен. Ал Әсел дүкеннен жапсырма қағаз, еден жуатын заттар сатып алған. Ол өз еркімен полицияға барып, кінәсін мойындап, оқиғаның қалай болғанын айтып берген. Қазір ол АҚШ түрмесінде жазасын өтеп жатыр. Қасында болған екі сыбайласы өлім жазасына кесілді. Қылмыс жасаған уақытта жүкті болған Әсел баласын түрмеде дүниеге әкелді.