Басшысының үйін тонаған азамат ұсталды

Басшысының үйін тонаған азамат ұсталды

Басшысының үйін тонаған азамат ұсталды
ашық дереккөзі
6 шілдеде Жезқазған қаласының Полиция басқармасына 55 жастағы қала тұрғыны жүгінді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ол өзін жеке кәсіпорынның директоры деп таныстырған. Айтуынша, таңертең ерте шаруаларымен үйінен шығып кеткен. Келгенде үйдегі сөмкесінде болған 450 мың теңге ақшасының жоқ екенін байқаған.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Жәбірленушінің пәтерін тексеру кезінде есік пен терезелерді бұзып кіру іздері табылмаған. Белгілі болғандай, ұры кілттің көшірмесін жасатып, үйге кірген», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 12 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы жігітті ұстады. Полиция ақпаратына сүйенсек, азамат директордың жеке кәсіпорынында әр түрлі жұмысты атқарушы болып істеген. Ыңғайлы сәтті пайдалана отырып, қаскөй жәбірленушінің кілттерін ұрлап, олардың көшірмесін жасатқан. Кілттің көшірмесі алынды, тергеу жүргізілуде.