«Сары» аймаққа өтуіне байланысты елордада шектеу шаралары енгізіледі

«Сары» аймаққа өтуіне байланысты елордада шектеу шаралары енгізіледі

«Сары» аймаққа өтуіне байланысты елордада шектеу шаралары енгізіледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаланың «сары» аймаққа өтуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Бас шаһарда мына шараларды сақтауды ұсынады: Адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т.б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда; қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін: қоғамдық орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды; жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді; тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген); адамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды. Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған. Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.