Биыл елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды

Биыл елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды

Биыл елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды
ашық дереккөзі
2022 жылдың 6 айы ішінде елімізде 51 мыңнан астам автотехника шығарылды деп хабарлады turkystan.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Автомобиль, тіркеме мен жартылай тіркемелер өндірісі 30,6%-ға артты. Машина жасаудағы сала үлесі 37,5%-ға өсті. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстанға экспорт 23%-ға артып, 4 557 автомобильге дейін өскен. Жалпы сомасы 53,9 млрд теңгеден асты. Биыл 13 шілдеде бағдарламаға қатысушы банктер 90 млрд теңге сомасына 11 825 өтінімді мақұлдады. Мақұлданған өтінімдер бойынша қазірдің өзінде 7 852 автомобиль шығарылды. Айта кетсек, Қазақстандағы ең танымал брендтердің бестігіне Chevrolet, Hyundai, Kia, Lada және JAC автокөліктері кіреді.