Кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды
ашық дереккөзі
Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіретін орган - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті. Кейбір дереккөздерде Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың туған інісі деген ақпарат бар. Сондай-ақ, ол мемлекеттік сатып алулар сайтында 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы белгілі болды. Еске салсақ, бұған дейін Алматыда AlanParking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған. Содан соң A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны мәлімделді.