Джерутоның жеңісті сәтінен видео жарияланды

Джерутоның жеңісті сәтінен видео жарияланды

Джерутоның жеңісті сәтінен видео жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстандық спортшы Нора Джеруто әлем чемпионы атанып, жеңіл атлетикадан ел тарихындағы бірінші алтынға қол жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. 26 жастағы спортшымыз 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде бірінші орынды иеленді. Белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп  өткен ол жеңіске жеткен сәттегі әсерімен бөлісті.
«Жарыс алдында Эфиопиядан келген әріптестерімнен қорғандым. Олардың әлеуетін білемін, олар да мен сияқты чемпион. Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оңай болған жоқ. Алда болғаным дұрыс деп шештім, қашықтықтағы жағдайды бақылағанды ұнатамын. Ата-анама, жаттықтырушыма және қарсыластарыма, сондай-ақ менеджеріме және әпкем Дэйзиге алғыс айтқым келеді. Ол осы қашықтықта финалға шыға алмады, бірақ  оған «келесі чемпион сен боласың» деп айтқым келеді», — дейді Нора Worldathletics-ке.
Айта кетейік, Кения тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға рұқсат алды.