Жыл басынан бері Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 706 ойыншық анықталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді. Бұл 47,1%-ды құрады. Оның ішінде, отандық - 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 59 (8,4%), басқа елдер - 638 (90,3%)», - деп атап өтті комитет өкілдері.Заңбұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға қатысты - 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша 3,3% жағдай анықталды. Санитариялық-химиялық бойынша 23 үлгіде қауіпсіздік көрсеткіштері асып кеткен. Оның ішінде: - ксилол-5 ойыншық (Novel special «Рыбалка» ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған «GYROSCOPE SERIES», пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыс жиынтығы); - бензол — 4 ойыншық («FREEZE II» қуыршағы, «Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы, «THUNDERCYRO» балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы); - фенол — 3 ойыншық («Вкусняшка» антистресс ойыншығы, «Lovely baby» қуыршақ ойыншығы, «Юла» балалар ойыншығы); - гептан — 2 ойыншық ( «Военный» ойыншық жинағы, пианино «Little musicial» балалар ойыншығы); - формальдегид — 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, «Қуыршақ» ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы); - этилацетат — 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы); - стирол — 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыстар жиынтығы), метил спирті - 1 ойыншық («Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы), изопропил спирті - 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы), изобутил спирті — 1 ойыншық ( «Baby Shop қуыршағы). Анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. 21,5 кг ойыншықтар сауда кәсіпорындарында сатудан алынды.