«Астана» маңызды ойын алдында Польшаға ұша алмады

«Астана» маңызды ойын алдында Польшаға ұша алмады

«Астана» маңызды ойын алдында Польшаға ұша алмады
ашық дереккөзі
«Астана» командасында УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ракувпен» болатын матч алдында қиындықтар туындады. Бұл туралы «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Клуб техникалық себептерге байланысты таңертең Польшаға жоспарланған чартерлік рейстің ұшпағанын хабарлады. Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейс кешке шегерілді. Клуб жағдайды ерекше режимде бақылап отыр және мүмкіндігінше тезірек УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясында өтетін сырт алаңдағы ойынға ұшып кетуді жоспарлап отыр», - делінген баспасөз хабарламасында.
Meta-ratings.kz порталының хабарлауынша, «Астананың» чартерлік рейсі Беларусьтің Брест қаласына ұшады. Ол жерден елордалық команда автобуспен Польшаның Ченстохова қаласына жол жүреді. Екі қаланың арасы шамамен 400 шақырым болады. Еске салсақ, «Ракув» - «Астана» кездесуі шілденің 21-інен 22-сіне қараған түні Польшаның Ченстохова қаласында өтеді.