Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына – 70 жыл

Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына – 70 жыл

Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына – 70 жыл
ашық дереккөзі
Қазақ көшінің Түркияға қоныстанғанына биыл 70 жыл. Осыған орай Kemerburgaz Kirazlıbent Piknik алаңында арнайы іс-шара өтті.  Салтанатты жиын Әнұранмен және бір минут үнсіздікпен басталды. Ғасырлар бойы Шығыс Түркістанды мекендеген қазақтар 1930 жылдардың аяғында Қытайдың коммунистік қуғын-сүргініне байланысты қоныс аударуға мәжбүр болған еді. Талай қиындықты бастан кешкен олар Такламакан шөлі, Тибет Гималайы, Үндістан мен Пәкістанды мекендеді. Араб теңізі арқылы Иракқа, одан әрі Түркияға жетті.  width= Министрлер Кеңесінің 1952 жылғы 13 наурыздағы шешімімен қазақтар Түркияның Ыстанбұл қаласындағы  қонақүйлерге орналасты. Қандастарымыз айналысатын кәсібіне, қолөнеріне байланысты Ақсарай Сұлтанханы, Кайсеридің Яхьялы, Йешилхисар және Девели аудандарындағы Кония Исмил және Конья Эрегли Зенген ауылына, Маниса Салихлиге және Нигде Улукышла Алтай ауылына қоныстанды.  width= Көші-қонды бастаған қазақтардың саны 25 мыңға жуық екені хабарланды. 1 892 адам  Екінші дүниежүзілік соғыстың көлеңкесінде қалған үлкен трагедияны бастан кешіріп, Түркияға жете алды. Олардың ішінде ата-анасынан айрылған балалар, баласынан айрылған ата-аналар бар еді. Олар бір-біріне қамқор болып, үлкен отбасыға айналды.  width= Қазақтардың Түркияға көшіне 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шарада алдымен Аднан Мендерес мазарында гүл шоқтары қойылып, дұға бағышталып, хаттамалық баяндамалар жасалды. Ауа райының ыстық болғанына әрі жол ұзақтығына қарамастан 1 500-ге жуық қазақ Ыстанбұлдағы Кемербургаз Киразлыбент демалыс аймағына барды. Мұнда Қазақстаннан келген «Атамекен» музыкалық тобы қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады.  width= Жиын барысында сөз алған Қазақкент Алтай қауымдастығының президенті Ерхан Йылдыз, Бағжылар қаласының мэрі Абдулла Өздемир және Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел бұл күннің мән-маңызына тоқталды. Одан кейін Қазақстандағы шетел қазақтарына жауапты «Отандастар қорының» президенті Абзал Сапарбекұлының құттықтау хаты оқылды.  width= Жиынға қатысқан қандастарымыз түрік халқына алғыс білдірді. Шығыс Түркістаннан көшкен кезде шейіт болғандарға арнап Құран хатым оқылды, «Елдің тұтастығы мен бірлігі сақталсын» деп дұға жасалды.  width= Жиында жастар жағы белсенділік танытты. Қожа Ахмет Ясауи қоры, Нигде Алтай ауылы, Маниса Салихли, Конья Исмил, Кельн, Вена, Париж, Берлин, Мюнхен, Амстердам, Швеция, Норвегия және Англия бірлестіктері және Қазақкент Алтай қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараға еліміздегі бірлестіктер қолдау көрсетті.  width= Ыстанбұл провинциясындағы  Ülkü Ocakları президенті Алпарслан Доған, АК Parti партиясының MKYK мүшесі Решиде Йүксел, Зейтинбурну әкімінің орынбасары Сафет Өз, Нигде қауымдастығы федерациясы төрағасының орынбасары Үмүтхан Гүлерюз және үкіметтік емес ұйым өкілдері салтанатты іс-шараның қонағы болды.  width= Жиын соңында  қатысушыларға түрлі сыйлықтар табыс етілді.  width=