Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұловты қамауға алу мерзімі 6 тамызға дейін ұзартылды. Екінші орынбасар – Дәулет Ерғожинді ұстау мерзімі 13 тамызға дейін ұзартылды» деп жазылған хабарламада.Бүгінде Кәрім Мәсімовтің қамауда отырғанына 6 ай болды. Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр:
- «Мемлекетке опасыздық жасау»;
- «ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға не ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттер»;
- «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер»;
- «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»;
- «Пара алу».