АҚШ-та 6 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырды

АҚШ-та 6 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырды

АҚШ-та 6 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Америкалық педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының соңғы есебіне сәйкес, 2022 жылы АҚШ-та 6 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт аптада тағы 287 мың баладан инфекция анықталды. Бұл туралы turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлады.  Дүйсенбіде жарияланған есепте Құрама Штаттардағы балалар арасында COVID-19 ауруының саны өткен жылға қарағанда әлдеқайда көп екені анықталды. Пандемия басталғаннан бері Құрама Штаттарда 13,9 миллионнан астам бала коронавирус жұқтырды. АҚШ Денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бес жасқа дейінгі 30 мыңнан астам америкалық бала ауруханаға жатқызылды, 500-ге жуық адам қайтыс болды.