Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Түркістан облысында «109» бірыңғай желісі іске қосылды

Түркістан облысында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «109» бірыңғай желісі іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған жүйе коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге өтініш білдіруге және әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес алуға мүмкіндік бермек.

Енді жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен апаттық жағдайларда мекеме аралап, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ.

Атап кетсек, «109» қызметі бұрын тек Түркістан мен Кентау қалаларында болған еді. Енді бұл жүйе бүкіл облысты қамтитын болады. Бүгінде облыс көлемі бойынша 3 628-ден астам өтініш қабылданып, оның 90 пайыздан көбі шешімін тапқан.

Жоба облыс және қала әкімдігінің қолдауымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде іске асуда.

109 – байланыс орталығының Іnstagram (@turk.obl_109), whatsapp (87011313109), facebook (байланыс орталық) парақшалары және «aikey-109» қосымшасы арқылы өтінімдерді қабылдауға дайын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button