Болат Заманбеков жеңіліп көрмеген қарсыласын тұншықтырды

Қазақстандық спортшы Болат Заманбеков (3-1) Ақтауда өткен Eagle FC 48 & Noize FC 41 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол қырғыз елінен келген Сыймык Эльдияр уулумен (1-0) кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын. Спортшымыз қарсыласын екінші раундта жеңді.
Осылайша Болат Заманбеков мансабында төртінші рет жеңсе, Сыймык Эльдияр уулу бірінші рет жеңілді. Турнир хедлайнерлері қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (16-5) және ресейлік Гамзат Хирамагомедов (10-1) болады. Олар орта салмақтағы EFC «уақытша» чемпионы белбеуіне таласады. Eagle FC лигасына келетін болсақ, оның негізін қалаушы — бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов
Чемпионға арналған пәтер!
Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!