Елордада көпқабатты ғимараттың неден өртенгені анықталды

Елордада көпқабатты ғимараттың неден өртенгені анықталды

Елордада көпқабатты ғимараттың неден өртенгені анықталды
ашық дереккөзі
Елордада көпқабатты ғимараттан шыққан өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, Мирный 17 көшесі бойындағы шаруашылық құрылысы, монша және жеке үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Сонымен қатар өрт жел әсерінен Фестивальный көшесінде орналасқан көрші үш қабатты жеке үйдің төбесіне көшкен. Өрт 18:02-де толық сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі отты қолданудағы салақтық», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Қызыл жалын 400 шаршы метрді шарпыған. Өрттен ешкім зардап шекпеген. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімшелерінен 61 адам мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.  width=