Халықтың шағымынан кейін рейстерді кешіктірген екі әуекомпанияға тексеріс жүргізіледі

Халықтың шағымынан кейін рейстерді кешіктірген екі әуекомпанияға тексеріс жүргізіледі

Халықтың шағымынан кейін рейстерді кешіктірген екі әуекомпанияға тексеріс жүргізіледі
ашық дереккөзі
Рейстердің кешігуіне қатысты халықтың шағымынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті екі әуекомпанияға тергеу жүргізеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әлеуметтік желілердегі Air Astana және FlyArystan әуекомпанияларының Алматы – Мале, Нұр-Сұлтан – Ташкент және Алматы – Қостанай рейстері, сондай-ақ басқа да бағыттардың кешігу фактілеріне қатысты жолаушылардың көптеген шағым-өтініштеріне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тиісті тергеу жүргізетін болады. Рейстер кешіктірілген немесе орындалмаған кезде жолаушылардың құқықтарын бұзу фактілері болғаны анықталған жағдайда авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген ресми хабарламада.
Аталған рейстердің жолаушылары өз шағым-өтінішін cc@сaakz.kz электрондық мекенжайна жолдай алады.
«Тасымалдаушының кінәсінен рейс кідірген немесе орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушыларға тегін негізде ана мен бала бөлмесі, рейсті 2 сағат күткен кезде салқын сусындар, 4 сағат күткен кезде ыстық тамақ (бұдан әрі күндізгі уақытта әрбір 6 сағат және түнгі уақытта 8 сағат), сондай-ақ рейсті кері қайтарған кезде ыстық тамақ беріледі. Сондай-ақ күндізгі уақытта 8 сағаттан артық және түнгі уақытта 6 сағаттан артық рейсті күткен кезде қонақ үйде тұру, тұратын жеріне дейін және әуежайға апаратын көлік беріледі», - деп нақтылады Азаматтық авиация комитеті.