Оқуға түсушілердің басым бөлігі қазақ топтарын таңдап жатыр

Оқуға түсушілердің басым бөлігі қазақ топтарын таңдап жатыр

Оқуға түсушілердің басым бөлігі қазақ топтарын таңдап жатыр
ашық дереккөзі
50323
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлердің өтініштерін қабылдау жалғасуда. ЕҰУ екі күн ішінде талапкерлерден 1,5 мыңнан астам құжат  қабылдады. Құжаттарын тапсыруға келген мектеп түлектерінің қатары қалың болғандықтан, қызметкерлер олардың өтініштерін түнгі сағат 12-ге дейін өңдеуде. Екі күннің қорытындысы бойынша 128 «Алтын белгі» иегерлері, 143 – үздік аттестат/ диплом иегерлері ЕҰУ қабылдау комиссиясына жүгінген. Ал 300-ден астам өтініш ауыл мектептерінің түлектерінен қабылданды. Оқуға түсушілердің басым бөлігі қазақ тілінде оқуға құжат тапсырған. Талапкерлер мен олардың ата-аналары еліміздің түкпір-түкпірінен келуде. Сара Төребекова -  Ұлытау облысының тұрғыны. Оның немересі «Ғарыштық техника және технологиялар» білім беру бағдарламасын таңдады. Мектеп түлегі болашақта ғарыштық технологиялар саласында сұранысқа ие маман атанып,  отандық ғарыштың дамуына өз үлесін қоспақшы. Нұр-Сұлтан қаласының №5 гимназия түлегі Карина Бейсенбаева өзінің болашағын сәулет өнерімен байланыстыруды ұйғарды. Ол ҰБТ-да 121 балл жинады. «Талапкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Қабылдау комиссиясының кеңес беру орталығына, өтініштерді қабылдауға көмектесетін техникалық хатшыларға үлкен рахмет», – дейді Карина. ЕҰУ Виртуалды қабылдау комиссиясының техникалық хатшылары күн сайын шалғай өңірлерде тұратын мектеп түлектеріне кеңес беріп, онлайн тәртіпте өтініштерін қабылдайды. ЕҰУ құжаттарын тапсыруға келген талапкерлерге елордалық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы жазғы маусымда уақытша жұмысқа орналасуды ұсынады. «Тұңғыш жұмыс орны» жобасы жұмыс тәжірибесі жоқ жас азаматтарға, оның ішінде жастарға арналған. Талапкерлер оқу басталғанға дейін еңбек етіп, 30 АЕК (91 890 теңге) көлемінде жалақы ала алады», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімінің маманы Қанат Ксюсев. Атап өткен жөн, ЕҰУ қабылдау комиссиясы құжаттарды 13 шілде мен 20 шілде аралығында демалыссыз сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары