Жылыойда тарифті екі есе көтерген басшы жазаланды

Жылыойда тарифті екі есе көтерген басшы жазаланды

Жылыойда тарифті екі есе көтерген басшы жазаланды
ашық дереккөзі
Жылыой аудандық соты аса ірі мөлшерде залал келтірді деп айыпталған «Жылыойсу» МКК директоры Берік Алагузовке үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz Ақжайық басылымына сілтеме жасап. Сотта «Жылыойсу» МКК директоры 2019 жылдың наурызынан 2021 жылдың наурыз айына дейінгі аралықта монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласындағы су мен канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтергені анықталды. Залал мөлшері 126 млн теңгеден асты. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ол мемлекетке толық қайтарылды. Ал тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, мемлекеттік мекемелерде материалдық жауапты лауазымда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.