Балық тасимын деп басы бәлеге қалды

Балық тасимын деп басы бәлеге қалды

Балық тасимын деп басы бәлеге қалды
ашық дереккөзі
ШҚО тұрғыны 85 келі балықты тиісті құжаттарсыз тасымалдаған деп хабарлады turkystan.kz. Маусым айының соңында ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Күршім ауданының балық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, таңертең Алғабас ауылынан 6 шақырым жердегі саяжай жолында өз автокөлігімен 85 келі түрлі балық алып бара жатқан 49 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатқан. Ұсталған азаматтың көлігінде 38 келі шортан, 32 келі көксерке және 15 келі мөңке балығы болған. Келтірілген шығын 445 мың теңгеден астам сомаға бағаланды. Жауап алу кезінде қылмыскер өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.